24 жастағы шабуылшы Канаданың «Оттава Сенаторз» хоккей клубымен бір жылдық келісімшартқа қол қойды.
Канаданың әйгілі хоккей командасы «Оттава Сенаторз» өзбекстандық хоккейші Артур Қалиевпен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады.
Клубтың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 24 жастағы шабуылшымен жасалған келісімшарт бір жылға есептелген. Бұл Қалиевке негізгі құрам мен фарм-команда арасында ауысуға мүмкіндік береді.
2024 жылғы маусымда Артур Қалиев NHL-дың тұрақты чемпионатында «Нью-Йорк Рейнджерс» сапында 14 матч өткізді. Осы ойындарда ол 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас беріп, жалпы 4 ұпай жинады.
Артур Қалиев 2000 жылы Өзбекстан астанасы Ташкентте дүниеге келген. Екі жасында ата-анасымен бірге АҚШ-қа қоныс аударған. Сол жақта хоккеймен шұғылданып, кәсіби мансабын дамытты. Қазіргі таңда АҚШ азаматы.
Айта кетейік, бұған дейін «Оттава Сенаторз» клубының жас ойыншылар лагерьіне қазақстандық қақпашы Владимир Никитиннің де шақырту алғаны хабарланған болатын.