2025 жылғы Қазақстан Кубогы хоккей турнирінде күтпеген өзгеріс: Ташкенттің "Хумо" және Павлодардың "Ертіс" командалары биылғы додаға қатыспайтын болды.
Қазақстандық хоккей жанкүйерлері асыға күтетін кезекті Қазақстан Кубогы биыл екі клубтың қатысуынсыз өтеді. Турнир 2025 жылғы 20–31 тамыз аралығында Қарағанды мен Өскемен қалаларында ұйымдастырылады.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Ташкенттің "Хумо" клубы қаржыландыру мәселесін әлі шешпеген. Осыған байланысты команда тек Қазақстан Кубогын ғана емес, Pro Hokei Ligasy маусымын да толық өткізіп жіберуі мүмкін. Ал павлодарлық "Ертіс" туралы нақты себептер айтылмағанымен, турнирлік тізімде жоқ.
Екі клубтың болмауына байланысты енді Кубок үшін 9 команда таласады. Олар екі топқа бөлініп, жарысты өткізеді:
Жарыстың шешуші кезеңдері мен финалдық кездесулер кейінірек жарияланады.
Қазақстан Кубогы – маусым алдындағы дәстүрлі турнир. Бұл додада клубтар өз күшін сынап, жаңа ойыншыларды тексеріп, тактикалық жоспарларды пысықтайды. Сонымен қатар, жанкүйерлер үшін – жаңа маусым алдында командалардың шынайы мүмкіндіктерін бағалау мүмкіндігі.