Астаналық клуб Канададан келген нәтижелі ойыншыны қатарына қосады.
Астаналық "Барыс" хоккей клубы Канададан келген орталық шабуылшы Тристен Робинспен келісімшартқа отыруға ниетті. Бұл туралы "Штаб хоккеиста" Telegram-арнасы хабарлайды.
"Барыс" шабуылшы Тристен Робинспен келісімшарт жасайды. Өткен маусымда ол АХЛ-де 56 ойын өткізіп, 24 (8+16) ұпай жинады", – делінген хабарламада.
Қазір 24 жастағы Тристен Робинс Американдық хоккей лигасының (АХЛ) "Бельвиль Сенаторс" клубында ойнап жүр. Сонымен қатар Ұлттық хоккей лигасындағы (НХЛ) "Оттава Сенаторз" командасымен келісімшартқа отырған.
Айта кетейік, бұған дейін "Барыс" бас бапкер Ғалым Мәмбетәлиевпен қош айтысқан болатын. Қазір командада ресейлік маман Евгений Королев уақытша бас жаттықтырушы міндетін атқаруда.