Астаналық «Барыс» өз алаңында Мәскеудің «Динамосын» қабылдап, Континенталдық хоккей лигасының (КХЛ) кезекті ойынында жанкүйерлерін қуантты. Матч күтпеген нәтижемен аяқталды — қазақстандық клуб айқын фаворитті 5:2 есебімен тізе бүктірді.
Матч басталғанына небәрі 40 секунд өтпей қонақтар есеп ашып, алғашқы кезеңді алда аяқтады. Бірақ екінші жиырма минутта «Барыс» жанкүйерлерін қуантты.
Аңсар Шайхмедденов көпшілікте таразы басын теңестірсе, Вячеслав Колесников тағы бір гол соғып, елордалықтарды алға шығарды.
Үшінші кезеңде ресейліктер есепті теңестіргенімен Майкл Веккьоне дубль жасап, жеңісті команданың қоржынына салды. Соңғы минуттарда Әлихан Өмірбеков те мергендігін көрсетіп, нәтижені түйіндеді.
«Барыс» енді келесі кездесуін 18 қыркүйекте Магнитогорскіде «Металлургпен» өткізеді.