Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Барыс» 20 секундта камбэк жасағанымен қатарынан екінші рет ұтылды

Сарапшы, спорт журналисі
20.09.2025, 22:02

Астананың «Барысы» 2025/2026 жылғы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті сырт алаңдағы ойынында «Северстальдан» 3:2 есебімен жол берді. Бұл – қазақстандық клубтың қатарынан екінші сырттағы жеңілісі.

NUR.KZ
Реклама
Реклама

20 секундтағы камбэк

Ойынның басында алаң иелері есеп ашты. Алайда бірінші кезеңнің соңына қарай елордалықтар жылдам жауап қатты. Мэйсон Морелли мен Владимир Волков небәрі 20 секунд ішінде екі шайба салып, «Барысты» алға шығарды.

Бірақ екінші кезеңде «Северсталь» екі мәрте мергендік танытып, матч тағдырын шешіп қойды. Соңғы жиырма минутта есеп өзгермеді. 

«Барыстың» құрамы

Бас бапкер Михаил Кравец ойынға келесі құрамды шығарды:

Қақпашылар: Шутов (Шестаков)

Қорғаныс: Масси–Уолш, Галимов–Морелли–Веккьоне; Маккошен–Бреус, Савицкий–Омирбеков–Қайыржан; Бекетаев–Данияр, Симонов–Шайхмедденов–Мұхаметов; Королев, Оспанов–Волков–Колесников.

«Северсталь» (Череповец) — «Барыс» (Астана) 3:2 (1:2, 2:0, 0:0)
Шайбалар: 
1:0 — 05:47 Пилипенко (Ильин, Буренов), көпшілікте
1:1 — 12:37 Морелли (Веккьоне, Галимов), тең құрамда
1:2 — 12:57 Волков (Оспанов, Масси), тең құрамда
2:2 — 34:21 Пилипенко (Цицюра), тең құрамда
3:2 — 34:58 Камалов (Пилипенко, Ильин), тең құрамда

«Барыс» 22 қыркүйекте Минскіде жергілікті «Динамомен» кездеседі. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары