Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Барыс» 140 секунд ішінде үш шайба соқты

Сарапшы, спорт журналисі
07.10.2025, 23:48

Астаналық «Барыс» ҚХЛ-дың кезекті ойынында керемет камбэк жасады. Команда Қазанның «Ак Барсымен» өткен матчта 140 секунд ішінде үш шайба соғып, кездесудің интригаcын қайта оралтты. 

hcbarys.kz
Реклама
Реклама

Үшінші кезең басында «Барыс» 0:4 есебімен ұтылып жатқан. Алайда небәрі екі жарым минут ішінде астаналықтар қарсыластың қақпасына үш шайба тоғытты:

45-минутта — Дінмұхамед Қайыржан көзге түсті;

46-минутта — Самат Данияр нәтижелі соққы жасады;

47-минутта — Всеволод Логвин командасының үшінші шайбасын соқты.

Қазандық команда құрамында шайбаларды Владимир Алистров (4-мин), Артем Галимов (17 және 19-мин), сондай-ақ Никита Лямкин (43-мин) соққан.

«Барыс» бұл кездесуде жеңіске жете алмағанымен қысқа уақыт ішінде үш рет әсерлі камбэгімен жанкүйерлерін қуантты.

«Барыс» 9 қазанда Челябіде «Трактормен» шеберлік байқасады. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары