Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Барыс» екі рет алға шықса да, төртінші матчында жеңіліп қалды

Сарапшы, спорт журналисі
09.10.2025, 21:57

Астаналық «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті кездесуінде Челябінің «Тракторынан» овертаймда жеңіліс тапты. 

hcbarys.kz
Реклама
Реклама

«Барыс» екі мәрте алға шықты

Алғашқы кезеңде Максим Мухаметов есеп ашып, «Барысты» алға шығарды.

Екінші кезеңнің басында алаң иелері Светлаковтың шайбасымен есепті теңестірді. Бірақ көп ұзамай Аңсар Шайхмедденовтың айқасынан кейін қазақстандықтар қайтадан алға шықты. Бұл жолы Семен Симонов көзге түсті. 

Алайда үшінші кезең басталмай жатып, ресейлік клубтың ойыншысы Кадейкин артық құрамда ойнап, есепті қайта теңестірді — 2:2.

Қалған уақытта таразы басы өзгермеді. Ал овертаймда «Трактор» шешуші шайбаны соғып, жеңісті жұлып алды.

Сәтсіз сериясы жалғасуда

Бұл — астаналық клуб үшін төртінші қатарынан болған жеңіліс болды. Команда соңғы турларда тұрақты нәтижеге қол жеткізе алмай келеді.

Елордалықтар келесі кездесуін 12 қазанда өз мұз айдынында Нижний Новгородтың «Торпедо» командасына қарсы өткізеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары