Айтуынша, астаналық клубтың ойыны көңілінен шығады.
«Барыс» командасының бас бапкері Михаил Кравец елордалық команданың «Трактормен» өткен ойынын бағалады.
“Бүгінгі ойын біз үшін жақсы өрбіді. Қарсыласымыздың деңгейін жақсы түсіндік. Ақыры ұзақ уақыттан кейін алғашқы кезеңде жеңіске жеттік. Бұл туралы жиі сөйлесеміз, өйткені команда соңғы кезде сәтсіз ойнап жүр. Жалпы алғанда, "Трактордан" ештеңеде кем болған жоқпыз. Ойынға көңіліміз толады. Ең жағымды әрі құнды тұстарын алып, алға жылжимыз,” – деді Кравец.
Естеріңізге салсақ, Астаналық «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті кездесуінде Челябінің «Тракторынан» овертаймда жеңіліс тапты. Бұл — астаналық клуб үшін төртінші қатарынан болған жеңіліс болды. Команда соңғы турларда тұрақты нәтижеге қол жеткізе алмай келеді.
Елордалықтар келесі кездесуін 12 қазанда өз мұз айдынында Нижний Новгородтың «Торпедо» командасына қарсы өткізеді.