Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Соңына дейін күрестік" - "Барыстың" бапкері қатарынан бесінші жеңіліс туралы айтты

Сарапшы, спорт журналисі
13.10.2025, 14:14

Михаил Кравецтың айтуынша, астаналық ұжым қорғаныста қарсыласқа көп мүмкіндік беріп қоя береді.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында өткен матчта «Барыс» «Торпедодан» 3:5 есебімен жеңіліп қалды. Осы ойынан кейін «Барыстың» бас бапкері Михаил Кравец өз пікірін білдірді.

Әрине, жігіттермен жеңіске жетуді көздедік, жанкүйерлер көп келетініне білдік, өз алаңымызда ойнаймыз ғой... Жалпы, жақсы бастадық — бірінші период жақсы өтті. Бірақ тағы да сол қателіктерге ұрынып отырмыз: қарсылас аймағында шайбаны жоғалтып, соның салдарынан екінші периодта қарсы шабуылдарға мүмкіндік бердік. Сол себепті сәттер көп туды.

Қорғанысқа да көңіл бөлу керек — бүгін әдеттегіден көбірек қателік болды. Әйтпесе, соңына дейін күрестік — өкінішке қарай, екі ойыншыны жоғалтып алдық, сондықтан ешкімді «талпынбады» немесе «қолынан келгенін істемеді» деп айта алмайсың. Бірақ сонымен қатар шеберлік те керек, және бес гол жібермеу үшін қорғаныста сенімді ойнау қажет,” – деді Михаил Кравец баспасөз маслихатында.

Естеріңізге салсақ, Астаналықтар кезекті ойында ұпайдан айырылды. Кездесу тартысты өткенімен, елордалықтар тағы да жеңіліске ұшырады — 3:5. Бұл «Барыстың» қатарынан бесінші жеңілісі болды.

«Барыс» 14 қазан күні өз мұзайдынында Новосибирсктің «Сібір» клубын қабылдайды. Команда үшін бұл кездесу серияны тоқтатып, ұпай қорын толықтырудың маңызды мүмкіндігі болмақ.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары