Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Барыс» жаңа басшыны таныстырды

Сарапшы, спорт журналисі
13.10.2025, 17:39

Астаналық хоккей клубы ресми түрде жаңа бас менеджер қызметіне бұрынғы кәсіби хоккейші Леонид Метальниковты тағайындағанын хабарлады.

hcbarys.kz
Реклама
Реклама

Хоккейші ретіндегі мансабы

Леонид Метальников кәсіби спорттағы мансабын 2024 жылдың тамыз айының соңында аяқтаған. Ол соңғы маусымын ҚХЛ құрамындағы «Адмирал» командасында өткізді. Бірақ клуб онымен келісімшартты ұзартпады.

Осылайша, 33 жастағы спортшы ойыншы ретіндегі карьерасын нүктелеп, басқарушылық қызметке бет бұрды.

Метальниковтың жетістіктері

Метальников – Өскемен қаласының тумасы, Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) 6 маусым өткізіп, 322 матчқа қатысқан тәжірибелі қорғаушы.

Ол сондай-ақ Ресейдің Жоғары хоккей лигасында «Сарыарқа» командасының сапында өнер көрсетіп, Петров кубогының иегері атанған.

Ұлттық құрама деңгейінде Леонид Метальников Қазақстан атынан 7 әлем чемпионатына қатысып, студенттер арасындағы Универсиадада күміс жүлдеге ие болған.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары