Қазақстан хоккей федерациясының (ҚХФ) кезектен тыс республикалық конференциясының шешімімен Азамат Айтқожин ұйымның бас директоры болып сайланды.
Азамат Айтқожин — спорт саласында көп жылдық басқару тәжірибесі бар кәсіби маман. Ол бұған дейін бірқатар маңызды лауазымдарды атқарған:
Оның спорттық инфрақұрылымды дамытудағы еңбегі мен ұйымдастырушылық қабілеті сала мамандары мен жанкүйерлер тарапынан жоғары бағаланады.
Федерация хабарлауынша, Айтқожиннің стратегиялық тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі Қазақстанда шайбалы хоккейдің дамуына жаңа серпін береді. Негізгі мақсат – ұлттық біріншіліктің сапасын арттыру, жастар хоккейін қолдау және халықаралық деңгейдегі беделді жарыстарда ел намысын лайықты қорғау.
«Қазақ хоккейі жаңа даму кезеңіне қадам басуда. Біз жүйелі реформалар мен жас буынды тәрбиелеуге бағытталған нақты бағдарламаларды іске асырамыз», — деді жаңа бас директор таныстырылым кезінде.
Айта кетсек, бұған дейін федерацияның бас директоры қызметін атқарған Сәкен Мұсайбековтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Ол енді «Барыс» хоккей клубының бас директоры қызметіне тағайындалды.