Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Хоккейден ұлттық құрама тізгінін жас бапкер ұстады

Сарапшы, спорт журналисі
17.11.2025, 18:30

Қазақстан хоккейінің белгілі маманы Талғат Жайлауов ерлер арасындағы ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындалды. 

sportbugin.kz
Реклама
Реклама

Алдағы дода — Азия чемпионаты

Ұлттық команда 20–23 қараша күндері Қытайда өтетін Азия чемпионатына белсенді дайындалып жатыр. Жайлауов осы турнирде құраманы бірінші рет бас бапкер ретінде бастап шығады.

Талғат Жайлауов қазір «Барыс» клубының жаттықтырушылар штабында жұмыс істейді. Бұған дейін де ол аталған клубта 2023 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың қазан айына дейін еңбек еткен.

Сонымен қатар:

  • 2024 жылғы Олимпиадалық іріктеуде,
  • 2025 жылғы Азия чемпионатында,
  • 2025 жылғы әлем чемпионатында

ұлттық құрамада бас бапкердің ассистенті болған.

Ойыншы ретінде мансабы

Өз уақытында Жайлауов Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамаларында ойнаған.

Оның жетістіктері:

  • Ересектер құрамасындағы дебюті — 2006 жыл
  • 9 әлем чемпионаты
  • 3 олимпиадалық іріктеу,
  • 2007 және 2011 Азиадасы
  • IIHF аясындағы 59 ресми матч

Клубтық мансабы да айтарлықтай бай:

«Қазцинк-Торпедо», «Барыс», «Nomad» командаларында өнер көрсеткен. Ойыншы ретінде карьерасын 2020 жылы Қарағандының «Сарыарқа» клубында аяқтады.

Жаңа бапкерлік штаб — тарихтағы ең жас құрам

Ұлттық құраманың жаңа жаттықтырушылар штабына мыналар кірді:

  • Константин Пушкарев — «Nomad» бас бапкері
  • Андрей Корабейников — «Торпедо» бас бапкері
  • Александр Кудрявцев — «Nomad» қақпашылар бапкері

Үшеуі де — Өскемен хоккей мектебінің түлегі. Орташа жасы 40-қа жетпейтін бұл құрам Қазақстан ұлттық командасы тарихындағы ең жас бапкерлік штаб.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары