Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстандық қорғаушы Азия чемпионатында хет-трик авторы атанды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 18:14

Бүгін Бейжіңде хоккейден ІІ Азия чемпионаты ресми түрде басталды.

sports24.kz
Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасының сенімді жеңісі

Алғашқы матчта Талғат Жайлауов баптайтын Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея хоккейшілерімен кездесіп, 4:2 есебімен айқын басымдық танытты. 

Бұл ойында ұлттық құраманың қорғаушысы Иван Степаненко басты кейіпкерге айналды. Ол бірден хет-трик авторы атанды. Тағы бір шайбаны тәжірибелі форвард Роман Старченко енгізді.

Шабуылдарды тамаша ұйымдастырған Максим Мусоров бір матчта үш нәтижелі пас беріп, ойынның жасырын оң қанаты болды.

Келесі қарсылас

Қазақстан келесі ойынын 22 қараша күні Қытай құрамасына қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 16:30-да басталады.

Еске салайық, хоккейден тұңғыш Азия чемпионаты былтыр Алматыда ұйымдастырылып, Қазақстан құрамасы чемпион атанған еді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары