Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасы ӘЧ алдында Словенияны тас-талқан етті

Сарапшы, спорт журналисі
05.12.2025, 08:19

Әлем чемпионатының IA дивизионы басталар алдында Қазақстан жастар құрамасы Словениямен жолдастық кездесу өткізді.

sportarena.kz
Реклама
Реклама

Хоккейден Қазақстанның жастар құрамасы әлем чемпионаты алдындағы соңғы бақылау ойынында Словения құрамасын ойсырата жеңді. Бұл мачт жолдастық кездесу ретінде өтті.  Десе де, турнирдің қожайындарына қарсы өткен ойын біздің хоккейшілер үшін маңызды сынақ болды.

Қазақстандық жастар қарсылас қақпасына алты бірдей шайба соғып, 6:3 есебімен ірі жеңіске жетті. Бұл нәтиже – алдағы чемпионат қарсаңындағы тамаша мотивация.

Құрамадағы қаһармандар

Жеңіс голдарын келесі ойыншылар соқты:

  • Тимур Миндубаев — дубль;
  • Роман Двуреченский — дубль;
  • Асанәлі Сәркенов — дубль.

Осы үш ойыншы матчтың нағыз жұлдыздары атанды.

Әлем чемпионатының IA дивизионы 7–13 желтоқсан аралығында Блед қаласында (Словения) өтеді.

Қазақстан құрамасының қарсыластары:

  • Словения
  • Австрия
  • Норвегия
  • Франция
  • Украина
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары