Реклама
Реклама

Керемет камбэк: «Барыс» овертаймда «Спартакты» тізе бүктірді

Сарапшы, спорт журналисі
05.12.2025, 22:20

Астаналық «Барыс» ҚХЛ-дың 2025/2026 жылғы маусымындағы кезекті үйдегі матчында Мәскеудің «Спартагын» овертаймда ұтып, жанкүйерлеріне драмалы жеңіс сыйлады – 4:3 (ОТ).

hcbarys.kz

 

Матчқа шолу

Астанада өткен Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясындағы ойында «Барыс» 1:3 есебімен ұтылып жатып, керемет камбэк жасап, ақыры жеңісті жұлып алды.

Алдымен Аңсар Шайхмедденов есеп ашса, бұдан кейін қонақтар қатарынан үш шайба соғып, алға шықты. Алайда үшінші кезеңге дейін Райли Уолш пен Джейк Масси жауап беріп, таблоға 3:3 есебі тіркелді. Негізгі уақыт тең аяқталып, жеңімпазды овертайм анықтады. Қосымша уақытта Фрэнк Веккьоне шешуші шайбаны соғып, «Барысқа» маңызды екі ұпай әкелді.

«Барыс» (Астана) — «Спартак» (Мәскеу) — 4:3 ОТ (1:2, 2:1, 0:0, 1:0)
1:0 — 05:03 – Аңсар Шайхмедденов (Масси, Данияр). Равный құрам.
1:1 — 08:36 – Порядин (Иванов). Тең құрам.
1:2 — 13:45 – Пивчулин (Беляев, Бычков). Тең құрам.
1:3 — 23:10 – Локхарт (Ружичка, Миронов). Көпшілік.
2:3 — 29:53 – Райли Уолш (Данияр). Тең құрам.
3:3 — 32:08 – Джейк Масси. Тең құрам.
4:3 — 62:05 – Фрэнк Веккьоне (Морелли, Маккошен). Тең құрам.

Келесі матч: «Барыс» — «Сибирь»

Астаналық клубтың ҚХЛ күнтізбесіндегі келесі сапары да үй мұзында жалғасады.

7 желтоқсан күні «Барыс» өз аренасында Новосибирскінің «Сібір» клубын қабылдайды. Бұл кездесу де плей-офф жолындағы тікелей бәсекелестер арасындағы маңызды матч болмақ.

Реклама
Реклама