Астаналық клуб ҚХЛ-дың тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті ойында Шығыс конференциясында соңғы орында тұрған новосибирскінің «Сібір» ұжымын қабылдады.
«Барыс» өз жанкүйерлері алдында белсенді ойнағанымен гол соғуда қиындық көрді. Қорғаныс жалпы алғанда сенімді өнер көрсетті. Бірақ екінші кезеңдегң бір ғана қателік шайбаға ұласты.
Шабуыл шебінде команда тек соңғы минуттарда есепті теңестіре алды. Буллит сериясында қазақстандық клубтың орындауы қонақтардан әлсіздеу болып шықты.
Шығыс конференциясында плей-офф үшін күрес қызып тұрған тұста, турнир кестесінің соңында тұрған командадан ұпай жоғалту «Барыс» үшін жағымсыз нәтижеге айналды.
«Бпрвс» 16 желтоқсанда Екатеринбургте жергілікті «Автомобилист» командасымен шеберлік байқасады.