Қазақстан құрамасы хоккейден ӘЧ сенсациямен бастады
Хоккейден Қазақстан жастары әлем чемпионатын сенсациялық нәтижемен бастады.
ҚХФ
Қазақстан ұлттық жасөспірімдер хоккей командасы 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының IA дивизионындағы алғашқы ойынын өткізді.
Қарсылас Украина құрамасы болды. Матч қосымша уақытта 1-2 есебімен аяқталды. Бұл ойында Қазақстан фаворит саналды.
Осылайша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатын сәтсіз бастады. Біздің топта Норвегия, Австрия, Словения және Франция бар.
Еске сала кетейік, турнир жеңімпазы келер жылғы әлем чемпионатының жоғарғы дивизионына жолдама алады, ал аутсайдер IB дивизионына түседі.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet