Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Плей-офф алшақтап барады ма? «Барысқа» аутсайдерден жеңіліс қымбатқа түсуі мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі

Астаналық клуб ҚХЛ-дың тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті ойында Шығыс конференциясында соңғы орында тұрған новосибирскінің «Сібір» ұжымын қабылдады. 

«Барыс» өз жанкүйерлері алдында белсенді ойнағанымен гол соғуда қиындық көрді. Қорғаныс жалпы алғанда сенімді өнер көрсетті. Бірақ екінші кезеңдегң бір ғана қателік шайбаға ұласты.

Шабуыл шебінде команда тек соңғы минуттарда есепті теңестіре алды. Буллит сериясында қазақстандық клубтың орындауы қонақтардан әлсіздеу болып шықты.

Шығыс конференциясында плей-офф үшін күрес қызып тұрған тұста, турнир кестесінің соңында тұрған командадан ұпай жоғалту «Барыс» үшін жағымсыз нәтижеге айналды.

«Бпрвс» 16 желтоқсанда Екатеринбургте жергілікті «Автомобилист» командасымен шеберлік байқасады. 

«Барыс» (Астана) — «Сібір» (Новосибирск) — 1:2 Б
(0:0, 0:1, 1:0, 0:0, 0:1)
Шайбалар:
0:1 — 28:54 — Лещенко (Неколенко), тең құрамда.
1:1 — 58:26 — Морелли (Томпсон, Уолш), көпшілік құрамда, қосымша шабуылшымен.
1:2 — 65:00 — Уилсон, буллит.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір