Реклама
Реклама

«Барыс» Астанада қатарынан үшінші ойында жеңілді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
25.12.2025, 22:14

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында екатеринбургтік «Автомобилистке» есе жіберді. 

hcbarys.kz

Астанадағы матч 1:4 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Ойын алдындағы жағдай бойынша қазақстандық клуб Шығыс конференциясында 8-орында, ал ресейлік команда 4-орында тұрған.

Кездесудп есепті бірінші болып «Барыс» ашты. Джейк Масси мергендік танытты. Алайда алғашқы кезең аяқталмай жатып, алаң иелерінің қақпасына екі шайба кіріп үлгерді.

Екінші кезеңде «Барыс» таразы басын теңестіруге мүмкіндік алған. Мэйсон Морелли буллитті орындай алмады. Сол аралықта қарсылас тағы бір рет дәл соғып, есеп айырмасын ұлғайтты. Үшінші кезеңде қонақтар артықшылығын сақтап қана қоймай, ойынды сенімді түрде аяқтады. Соңғы шайба бос қақпаға енгізілді.

«Барыс» (Астана) — «Автомобилист» (Екатеринбург) 1:4.
Гол авторлары: 
1:0 — 09:48 Масси (Қайыржан, Өмірбеков)
1:1 — 14:24 Шаров (Да Коста, Буше)
1:2 — 18:42 Шашков (Хрипунов)
1:3 — 31:01 Тарасов (Осипов, Бывальцев)
1:4 — 59:07 Буше (бос қақпаға)

Астаналық клуб келесі кездесуін де өз алаңында өткізеді. 27 желтоқсанда Хабаровсктың «Амурын» қабылдайды.

Реклама
Реклама