Ел біріншілігінің желтоқсандағы үздіктері анықталды
29.12.2025, 11:25
Қарағандылық клубта ойнайтын спортшы бәрінен оқ бойы озып шықты.
sportarena.kz
Pro Hokei Ligasy Қазақстан чемпионатындағы желтоқсан айының қорытындысын жариялады. Үздік қақпашы — Даниил Кадочников («Сарыарқа»). Қарағандылық клубта ойнайтын спортшы желтоқсан айында тамаша ойын өрнегін көрсетті.
- 6 матч — 6 жеңіс
- Мұз айдынында 361 минуттан астам уақыт
- Орта есеппен бір шайбадан ғана жіберді
- Екі матчта қақпасын «құрғақ» сақтады
- Шайбаларды қайтару пайызы — 96,77%
Оның сенімді ойыны «Сарыарқаның» тұрақты чемпионаттағы жүлде үшін күресуіне мүмкіндік беріп отыр.
Үздік қорғаушы — Арсений Борисов («Арлан»)
Арсений Борисов желтоқсан айында тек қорғаныста ғана емес, шабуылда да белсенділік танытты.
- 7 матчта — 9 ұпай (1 гол + 8 пас)
- Пайдалы әрекет көрсеткіші — +5
- Қарсылас қақпасына 20 дәл соққы жасады
Үздік шабуылшы — Дмитрий Гренц («Торпедо»)
Дмитрий Гренц ай бойы тұрақты нәтиже көрсетіп, команданың негізгі бомбардирлерінің біріне айналды.
- 8 матчтың 6-ында ұпай жинады
- 5 гол, 8 нәтижелі пас
- Пайдалы әрекет көрсеткіші — +11
Қазіргі таңда Гренц бүкіл чемпионаттың үздік үш сұрмергенінің қатарында.
Үздік жас ойыншы — Артур Глухих («Торпедо»)
18 жастағы шабуылшы Артур Глухих негізгі құрамдағы орнын біртіндеп нығайтып келеді.
- 5 матчта — 5 ұпай (2+3)
- Пайдалы әрекет көрсеткіші — +3
- Қақпаға бағытталған 12 соққы
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама