Реклама
Реклама

NHL-де қақпашылар төбелесі жанкүйерлерді таңғалдырды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
20.01.2026, 18:10

NHL-дің тұрақты маусымындағы "Флорида Пантерз" – "Сан-Хосе Шаркс" матчында сирек кездесетін оқиға болды.

nytimes.com

Оқиға матчтың 46-минутында болды

Қақпашылар Сергей Бобровский мен Алекс Неделькович мұз айдынында жұдырықтасып қалды. Бұл сәт желіде тез таралып, жанкүйерлердің қызу талқысына түсті.

Эпизод 46-минутта тіркелді. Мәліметке сәйкес, қарсылас команда қақпашысы төбелеске ұқсас жағдайды бастап кеткенде, “Флориданың” ресейлік голкипері Бобровский әріптесін қорғау үшін араша түскен.

Нәтижесінде жанкүйерлер хоккейде өте сирек болатын қақпашылар төбелесін тамашалады.

Әлеуметтік желідегі реакция: “ЖИ деп қалдым”

Оқиғадан кейін жанкүйерлер әлеуметтік желілерде әсерін жасырмады. Пікірлердің бір бөлігі мына сарында болды:

  • “Керемет. Дәл осындай эмоция қазір NHL-ге керек!”
  • “Бір сәт ЖИ шығар деп ойлап қалдым, кейін мұны NHL-дің өзі жариялағанын көрдім”
  • “Көрген қақпашылар төбелесінің ішіндегі ең мықтысы”
  • “Ол қақтығысты өзі қалады. Бобровский толық жылдамдықпен кіріп келді!”

Матч нәтижесі және қақпашылардың түсіндірмесі

Кездесу 4:1 есебімен “Сан-Хосенің” жеңісімен аяқталды. Ойыннан кейін басты эпизодқа айналған қақтығысқа қос қақпашы да пікір білдірді.

Сергей Бобровский:

“Ол рұқсат етілген шектен асып кетті. Мен араласуға шешім қабылдап, оған соны түсіндіру керек болды”.

Алекс Неделькович:

“Бұл “төбелес немесе шегін” дегенге ұқсап кетті. Барынша соққы өткізбейін деп тырыстым. Оның қатты сермеп үлгермеуін қаладым. Бірде-бір тісімнен айырылып қалмауды ойладым”.

Қақтығыс соңында қақпашылар мұзға құлап, төрешілер оларды екі жаққа ажыратты. Екеуі де 5+2 минут айып уақытына жазаланды.

Ал Championat.com мәліметінше, Бобровский мен Неделькович арасындағы бұл төбелес NHL-де қақпашылар арасында 2020 жылдан бергі алғашқы қақтығыс.

Реклама
Реклама