Астананың "Барыс" ХК Құрлықтық хоккей лигасы маусымындағы соңғы матчын Новосібірде "Сибирьге" қарсы өткізді.
Матчтың бірінші кезеңі қонақтар үшін сәтті басталды. 4-минутта Райли Уолш қарсылас қақпасынан саңылау тауып, елордалықтарды алға шығарды. Бұл шабуылда Веккьоне мен Морелли нәтижелі пас авторы атанды.
Дей тұрғанымен екінші кезеңде мұз айдын иелері таразы басын теңестіріп кетті. Мергендік танытқан – Семен Кошелев.
Үшінші кезеңде де, овертаймда да командалар жеңіс шайбасын соға алмады. Осылайша матч буллит сериясына ұласты. Шешуші сәтте новосібірлік клуб жеңісті өз пайдасына жазды.
Буллит сериясында Абрамов мергендік танытып, “Сибирьге” жеңіс сыйлады.
“Сибирь” (Новосібір) — «Барыс» (Астана) 2:1 Б (0:1, 1:0, 0:0, 0:0, 1:0)
Голдар: