Ресейлік миллиардер "Барыстағы" легионерлердің жалақысын төлеп берді

Сарапшы, спорт журналисі
30.03.2026, 20:19

Астананың "Барыс" хоккей клубына қатысты тың ақпарат белгілі болды. 

hcbarys.kz

Қаржыны кім бөлді? 

Қазақстанда былтыр спорт туралы жаңа заң қабылданып, шетелдік ойыншыларға мемлекеттік және квазимемлекеттік қаражат есебінен жалақы төлеуге тыйым салынған. Осы өзгерістен кейін "Барыс" клубы шұғыл түрде демеуші іздеуге мәжбүр болған. Себебі команда құрамын күшейту үшін бірнеше легионер шақырылған.

Қазақстандық БАҚ мәліметінше, 2025/2026 жылғы маусымда шетелдік хоккейшілердің жалақысына шамамен 1,5 миллиард теңге (3,1 млн доллар) бөлінген.

Алайда клуб ресми түрде бұл қаражатты кім бергенін жарияламаған.

Тимченконың аты аталды

Осы шығынды Ресейлік миллиардер Геннадий Тимченко көтерген, деп жазады "Дядя Ваня" телеграм -арнасы. Ол — ҚХЛ директорлар кеңесінің төрағасы және Forbes-тің 2025 жылғы рейтингінде аймақ бойынша ең бай адамдардың бірі.

  • Байлығы: 23,2 млрд доллар
  • Forbes рейтингіндегі орны: 6-орын
  • Активтері: "Новатэк" — 23,5%, "Сибур" — 17%, "Стройтрансгаз" — 53%, "Трансойл" — 80%

Тимченко хоккейге ерекше қызығушылығымен және кеңестік суретшілердің туындыларын жинаумен де танымал.

"Барыстың" маусымы сәтсіз аяқталды

Айта кетейік, астаналық клуб ҚХЛ-дың биылғы маусымын сәтсіз аяқтады. Михаил Кравец жаттықтыратын команда Шығыс конференциясында 10-орынға ие болып, плей-офф кезеңіне өте алмады. 

Реклама
Реклама