Астаналық «Барыс» хоккей клубы ойыншыларына тамыз айындағы жалақыларын толық көлемде төледі. Бұл туралы «Головой Об Лед» телеграм-арнасы хабарлады.
Естеріңізде болса, бұған дейін БАҚ өкілдері «Барыста» хоккейшілердің айлығы кешіктіріліп жатқаны хабарлаған еді. Аталған мәселеге қатысты ҚХЛ президенті Алексей Морозов та пікір білдірген болатын.
«Барысқа» қатысты кішігірім проблема орнағаны туралы ақпарат жетті. Клуб басшылығы оны ай соңына дейін толығымен шешуге міндеттелді. Жағдайды жіті бақылауда ұстаймыз. Клуб өкілдерімен байланыстамыз, деді Алексей Морозов.
«Барыс» биылғы маусымды сәтсіз бастады. Дэвид Немировски шәкірттері қатарынан 3 рет жеңіліске ұшырады.
Айта кетейін, ертең елордалық хоккейшілер Минсктің «Динамо» командасымен күш сынасады.