Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Барыс" тағы ұятқа қалдырды

Редактор Penalty.kz
30.09.2024, 23:22

Елордалық клуб өз алаңында он гол жіберіп алды. 

 

Azattyq-ruhy.kz

Бүгін астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында ресейлік «Торпедоны» қабылдады. 

Кездесудің бірінші кезеңі 1:2 есебімен аяқталды. Оныншы минутта қонақ команда хоккейшісі Дмитрий Кагарлицкий есеп ашса, 13-минутта Никита Артамонов есепті еселей түсті.  «Барыс» сапынан 15-минутта Антон Бурдасов гол соқты.

Екінші кезеңде «Торпедо» жауапсыз бес шайба салды. Гол авторлары: Михаил Орлов (29 минут), Михаил Абрамов (33), Бобби Линч (34), Никита Шавин (35) мен Денис Почивалов (40).

Соңғы кезеңде Сергей Гончарук (48), Владислав Фирстов (54) пен Евгений Свечников (55) үш гол салды.

Айта кетейік, «Барыс» келесі кездесуін сырт алаңда өткізеді. 3-ші қазан күні «Спартакпен» шеберлік байқасады.