Байрақты бәсекені елімізде 2025 жылы өткізу жоспарланып отыр.
2025 жылы шайбалы хоккейден Азия чемпионаты Қазақстанда өтеді. Бұл туралы Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) ресми сайты хабарланды.
Турнирді 6-10 қараша аралығында Алматы қаласында өткізу жоспарланған. Оған Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея мен Қытай құрамалары қатысады деп күтілуде.
Айта кетейік, бұған дейін бұл турнир басқаша аталған болатын. Алғаш рет 2008 жылы Гонконгта алты команданың қатысуымен өткізілді.
Соңғы рет бұл жарыс 2019 жылы Малайзияда ұйымдастырылып, Индонезия құрамасы жеңіске жеткен еді. COVID-19 пандемиясына байланысты турнир өткізілмеді.
"Азия чемпионаты" атауымен Қазақстанда турнир алғаш рет өтеді.
Айта кетейік, Қазақстанның хоккей құрамасы 2026 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама ала алмады. Шешуші кездесуде Словакияға 1:3 есебімен жеңіліп қалды.