Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

«Амурдың» бұрынғы хоккейшісі «Барысқа» қосылды

Редактор Penalty.kz
02.10.2024, 19:44

Станислав Бочаров елордалық клуб сапында маусым соңына дейін өнер көрсетеді. 

hcamur.ru

Шабуылшы Станислав Бочаров маусым соңына дейінгі мерзімге «Барыспен» келісімшартқа отырды.

Өткен маусымда Бочаров «Амур» командасында ойнады. 73 кездесуге қатысып, (14+26) нәтижелі ұпай жинады. Бірақ маусым аяқталған соң клубпен арадағы келісімшартын ұзартпай, нарыққа еркін агент ретінде шыққан болатын.

Құрлықтық хоккей лигасы аясында Станислав Бочаров жалпы 695 матч өткізіп, 124 шайба соққан. 148 нәтижелі пас берген. Соның арқасында 272 ұпай жинаған.

Айта кетейік, қазір «Барыс» бес ұпаймен Шығыс конференциясының турнир кестесінде соңғы яғни 12-орында тұр.