Жуырда астаналық клуб хоккейшімен келісімшартты үзген болатын.
7 қарашада астаналық «Барыс» хоккей клубы америкалық шабуылшы Си Джей Смитпен арадағы келісімшартты үзгенін жариялады.
Келісімшартты үзгені үшін енді клуб хоккейшіге шамамен 55 миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс.
Айта кетейік, бұған дейін «Баффало» және «Каролина» клубтарында ойнаған Смит «Барыс» сапында небәрі 9 матч өткізді. Соның ешқайсысында гол соға алмады.