Бүгін "Барыс" сырт алаңда "Ладамен" ойнайды
09.01.2025, 09:36
Матч Астана уақытымен 19:50-дe басталады.
Vesti.kz
«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын өткізеді. Елордалық клуб сырт алаңда "Ладамен" шеберлік байқасады. Матч Астана уақытымен 19:50-дe басталады. Оны «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Аталған командалар бір-бірімен бұған дейін 20 рет кездесу өткізген. Соның 7-еуінде "Барыс" жеңіске жетсе, қалған ойындарда ресейлік клуб басым болды.
Қазір ҚХЛ-дің турнирлік кестесінде "Барыс" 24 ұпаймен 22-орында тұр. Ал "Лада" 37 ұпаймен 20-орында.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама