"Барыс" қақпашымен үш жылға келісімшарт жасасты

Редактор Penalty.kz
10.01.2025, 18:22

Астаналық клуб Қазақстан құрамасының ойыншысы Никита Бояркинмен үш жылға жаңа келісімге келді. 

365info.kz

ҚХЛ чемпионатының биылғы маусымында бірнеше рет матчтың үздік ойынышсы болған 26 жастағы қарағандылық хоккей мектебінің түлегі 30 ойын өткізді. Әр матчта кемінде 2,13 шайба жіберіп, лақтырылған шайбаның 93,2% қайтарды. Осы көрсеткіш бойынша ҚХЛ чемпионатында ТОП-5 қақпашылар тізіміне кіреді. “Барыс” Бояркин қақпада тұрған 10 ойынның 8-де жеңіске жетті.

Никитамен еңбек келісімі 2028 жылдың жазына дейін есептелген. Оның бір маусымдағы жалақысы 204-232 млн теңге аралығында болады.