Хоккейден Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы екінші ірі жеңісіне жетті
24.01.2025, 09:42
Ригада өтіп жатқан хоккейден жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Тайваньнан басым түсті.
icehockey.kz
Қазақстандық хоккейшілер қарсыласынан 6:0 есебімен басым түсті. Ұлттық құрама сапында София Зубкова (дубль), Cофия Муравьева (хет-трик) және Алена Жакулина мергендік танытты.
Бұған дейін Қазақстан Ұлыбританияға 1:3 есебімен есе жіберсе, Жаңа Зеландияны 14:3 есебімен тізе бүктірді.
Енді қазақстандық хоккейшілер 25 қаңтарда Нидерланд, 26 қаңтарда Латвиямен кездеседі.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама