Қазақстан қарсыласын 11 шайбамен сан соқтырды

Редактор Penalty.kz
26.01.2025, 13:58

Хоккейден Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы кезекті ірі жеңіске қол жеткізді. 

shaiba.kz

Әлем чемпионатының екінші дивизионында (А тобы) қазақстандық хоккейші қыздар Нидерланд құрамасының қақпасына жауапсыз он бір шайбаны дәл лақтырды.

Осы жеңістен Қазақстан құрамасы өз тобында 9 ұпаймен екінші орында келеді. Ал бірінші орындағы Ұлыбританияда 12 ұпай. Бүгін қыздарымыз Латвиямен ойнайды.

Айта кету керек, турнир қорытындысында  топ жеңімпазы ғана бірінші дивизионға (В тобы) жолдама алады. 

Қазақстан — Нидерланд 11:0 (4:0, 3:0, 4:0)

Шайбалар: Златоцвета Феоктистова (15-ші, 16-ші, 40-шы және 43-ші минуттар), София Муравьева (18-ші, 54-ші және 55-ші), София Зубкова (17-ші), София Раковская (30-шы), Алина Жакулина (39-шы) және Кира Крухольская (59-шы).