Хоккейшілеріміздің түк пайдасы жоқ жеңісі

Редактор Penalty.kz
27.01.2025, 07:22

Хоккейден Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы әлем чемпионатында ақырғы кездесуін өткізді. 

sports24.kz

Қазақстан екінші дивизондағы (А тобы) соңғы ойынында Латвиядан 7:4 есебімен басым түсті. Матч барысында Қазақстан құрамасы есепте екі мәрте алға шыққан. Кейін Латвия хоккейшілері қарымта қайтарып озып кетті. Дегенмен қазақстандықтар кері камбэк жасап, жеңіске жете алды.

Отандастарымыздан София Зубкова покер жасады (2-ші, 7-ші, 58-ші және 59-шы минуттар), сондай-ақ София Муравьева (31-ші), Эвелина Емцева (42-ші) және Кира Крухольская (48-ші) бір шайбадан соқты. 

Осылайша Қазақстан құрамасы 12 ұпаймен топта екінші орынға тұрақтады. Ал әлем чемпионатының бірінші дивизионына (В тобы) берілетін жалғыз жолдама Ұлыбританияға бұйырды. Олар алғашқы ойында бізді жеңіп, қалған бес кездесуде де ұпайдан шашау шығармады.