Ұлттық құрамаға +1 легионер

Редактор Penalty.kz
28.01.2025, 18:40

Қазақстан азаматтығын алған ресейлік хоккейші Вячеслав Колесников Азия ойындарына қатысады.

hcbarys.kz

Турнир Харбин қаласында 7-14 ақпан аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы “А” тобында Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Таиланд және  Қытайлық Тайбэйге қарсы ойнайды. 

24 жастағы Вячеслав Колесников челябілік хоккей мектебінің түлегі саналады. Биылғы маусымда “Номад” сапында 34 матч өтізіп Pro Hokei Ligasy-нда 24 (12+12) ұпай жинады. Шабуылшы Қазақстанда 2021 жылдан бері өнер көрсетеді. Ол “Номадтан” бөлек “Құлагер” және “Арлан” намысын қорғады. Хоккейші кезінде ЖХЛ-да “Спутникте” және ЖХЛ-да “Ермакта” бақ сынады. 

Еске сала кетейік, бұл ресейлік хоккейшілердің Қазақстан төлқұжатын алуы бірінші рет емес. Бұның алдында Егор Наместников Азия чемпионатында ұлттық құрамада өнер көрсетті.