"Барыс" суперкамбэк жасады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
04.02.2025, 17:07

Астаналық клуб ҚХЛ тұрақты чемпионатында Владивостокта "Адмирал" хоккейшілерімен бақ сынады. 

Vesti.kz

Мұзайдын иелері қатарынан үш шайбаны дәл лақтырғаннан кейін Михаил Рахманов екінші кезеңде есеп айырмасын қысқарта алды. Ал үшінші кезеңде Дінмұхамед Қайыржан нәтижені 3:2-ге жеткізіп, Иван Николишин таразы басын теңестіріп кетті. Ойын овертаймға ұласып, "Адмиралдың" бағы жанды.

"Барыс" 13 ақпанда Астанада санкт-петербургтің СКА хоккейшілерін қабылдайды. 

"Адмирал" (Владивосток) — "Барыс" (Астана) 4:3 ОТ (2:0, 1:1, 0:2, 1:0)

Шайбалар: 

1:0 — 04:11 Принс (Дерябин).

2:0 — 13:38 Гутик (Петухов, Старков).

3:0 — 27:22 Петухов. Буллит

3:1 — 28:07 Рахманов (Бочаров, Жүсіпбеков). 

3:2 — 50:11 Қайыржан (Данияр). 

3:3 — 53:26 Николишин (Сетдиков, Данияр).

4:3 — Шепелев (Гутик).