Азиада-2025: Қазақстандық хоккейшілер екінші ірі жеңісіне жетті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
04.02.2025, 18:50

Хоккейден Азия ойындарының кезекті матчында Қазақстан әйелдер құрамасы Таиландты 9:0 есебімен тас-талқан жеңді. 

sports24.kz

Қыздар екінші ойында да қарсыласына шайба соғатын мүмкіндік бермеді. Күні кеше Гонконг хоккейшілерінің қақпасына 12 жауапсыз шайба дәл тиген еді. Енді кезекті қарсыласымыз — Тайвань құрамасы болады. Матч 6 ақпанға белгіленген. 

Қазақстан — Таиланд 9:0 (2:0, 3:0, 4:0)

Шайбалар

1:0 — 13:03 Зубкова (Олжабаева). 

2:0 — 17:33 Оразбаева (Молдабай, Тұрсынова).

3:0 — 29:36 Филимонова (Шегай, Тұрсынова). 

4:0 — 30:35 Буторина (Олжабаева, Алдабергенова).

5:0 — 31:08 Зубкова (Воронова, Алдабергенова).

6:0 — 50:20 Саяхатқызы М. (Зубкова, Саяхатқызы Д.)

7:0 — 53:42 Щегай (Молдабай).

8:0 — 55:28 Зубкова (Мескини, Саяхатқызы М.).

9:0 — 57:44 Пяткова (Әшімова, Олжабаева).