Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Азиада-2025: Қазақстандық хоккейшілер плей-оффқа мерзімінен бұрын шықты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
06.02.2025, 19:27

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Харбинде үшінші матчын өткізді.

offside.kz
Реклама
Реклама

Бұл жолы хоккейшілерімізге Қытайлық Тайпей құрамасы қарсылас болды. Бірінші кезңі тең нәтижемен аяқталды. Қазақстан сапында Лариса Свиридова мергендік танытты. Ал екінші кезеңде кездесу фавориті төрт шайба енгізді. Надежда Филимонова дубль жасаса, Юлия Буторина мен Малика Алдабергенова бір шайбамен көзге түсті. Матчтағы қорытынды есеп — 5:1.

  • Бұған дейін қыздар Гонконг (12:0) пен Таиландтан (9:0) басым түскен.
  • Келесі ойын 9 ақпанда Оңтүстік Кореяға қарсы өтеді. 

Осылайша Қазақстан А тобынан мерзімінен бұрын плей-офф сынына жолдама алды. Әлемдік рейтингке сәйкес бұған дейін Жапония мен Қытай жарыстың бұл бәсекесіне шыққан еді. Төрт құрама өзара кездесіп, медаль жиынтығын сарапқа салады. 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары