Азиада-2025: Қазақстан 17:0 есебімен жеңіске жетті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
07.02.2025, 10:15

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Харбиндегі ойындардың топтық кезеңінде үшінші матчын өткізді. 

RunaSport

Олег Болякин шәкірттерінің кезекті қарсыласы Қытайлық Тайбэй болды. Алғашқы кезең 5:0 есебімен аяқталды. Андрей Буяльский, Артем Лихотников, Евгений Рымарев және Кирилл Панюков (дубль) мергендік танытты. Екінші кезеңде де бес шайба соғылды. Олардың авторлары: Әлихан Өмірбеков (дубль), Артем Королев, Кирилл Савицкий, ал Панюков хет-трик жасады. Ал соңғы жиырмаминуттық тағы жеті шайбамен ерекшеленді. Самат Данияр, Дмитрий Гренц, Руслан Оспанов (екі рет), Кирилл Панюков, Александр Борисевич және Денис Чапоров өз есімдерін таблода тіркеді. Қорытынды есеп — 17:0 Қазақстанның пайдасына.

Ұлттық құрама 8 ақпанда Жапонияға қарсы ойнаса, 10 ақпанда Оңтүстік Кореяға қарсылас атанады.