"Барыс" жауапсыз үш шайба жіберіп алды (ВИДЕО)
08.03.2025, 19:50
Астананың "Барысы" Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аясында Мәскеудің ЦСКА клубымен кездесті.
hcbarys.kz
Бас бапкер Ғалым Мәмбеталиев айдынға келесі құрамды шығарды:
- Қақпашылар: Шестаков (Дударкиев)
- Қорғаушылар: Бекетаев-Данияр, Королев-Гайтамиров, Хохлов-Оразов, Жүсіпбеков-Бутенко
- Шабуылшылар: Әсетов-Өмірбеков-Қайыржан, Старченко-Рахманов-Мұратов, Сетдиков-Николишин-Панюков, Симонов-Логвин-Ляпунов
Бірінші кезеңде қонақтар екі рет дәл соққы жасап, есепте алға шықты. Екінші кезеңде ЦСКА тағы бір шайба салып, басымдығын нығайтты. Үшінші кезеңде таблодағы көрсеткіш өзгеріссіз қалып, матч 0:3 есебімен аяқталды.
"Барыс" (Астана) – ЦСКА (Мәскеу) 0:3 (0:2, 0:1, 0:0)
Шайбалар:
0:1 – 01:21 Провольнев (Афанасьев, Касселс). Тең құрамда
0:2 – 08:05 Галиев (Соркин, Карнаухов). Көпшілік жағдайында
0:3 – 21:35 Галиев (Афанасьев). Тең құрамда
13 наурыз күні "Барыс" Владивостокта "Адмиралға" қарсы тұрады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама