Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Барыс" таңғажайып камбэк жасады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
13.03.2025, 19:37

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (КХЛ) кезекті матчында Владивостоктың «Адмиралына» қарсы ойнап, әсерлі камбэк жасап жеңіске жетті,

hcbarys.kz
Реклама
Реклама

Бұл кездесудің басты фавориті ретінде букмекерлер мен сарапшылар ресейлік клубты атаған болатын. Алайда, Ғалым Мамбеталиев шәкірттері мықты мінез көрсетіп, сенсациялық жеңіске қол жеткізді.

“Барыс” бастапқы кезеңде екі шайба өткізіп алды, екінші периодта да есеп айырмасы артқанымен, Әлихан Әсетов командасының үмітін оятты.

Шешуші үшінші кезеңде астаналық клуб толық басымдық танытып, Семен Симонов, Михаил Рахманов және Әділ Бекетаев мергендігімен көзге түсті. Осылайша есеп теңесіп, ойын овертайм мен буллит сериясына ұласты.

Буллит сериясында Талғат Жайлауов пен Роман Старченко өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланып, “Барысқа” маңызды жеңіс сыйлады.

“Адмирал” (Владивосток) – “Барыс” (Астана) 4:5 Б (2:0, 2:1, 0:3, 0:0, 0:1)

Шайбалар:

  • 1:0 – 02:30 Шулак (Завгородний, Шестаков)
  • 2:0 – 08:52 Родуолд (Шестаков)
  • 3:0 – 21:28 Шэн
  • 3:1 – 26:51 Өмірбеков (Хохлов)
  • 4:1 – 28:59 Гутик (Завгородний, Мишуров)
  • 4:2 – 42:45 Симонов (Ляпунов, Логвин)
  • 4:3 – 48:56 Рахманов (Бекетаев, Старченко)
  • 4:4 – 59:23 Бекетаев (Старченко)
  • 4:5 – 65:00 Старченко (буллит)

“Барыс”​​​​​​​ 15 наурызда Хабаровскіде “Амурмен” кездеседі.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары