Ғалым Мәмбеталиев жуырда құрама команданы жаттықтыруға қатысты пікірін білдірген болатын.
Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы соңғы матчта астаналық "Барыс" Владивостоктың "Адмиралын" буллит сериясында 5:4 есебімен жеңді.
Кездесудің басты қаһарманы – 20 жастағы қақпашы Артем Шестаков болды. Ол 47 соққының 43-ін қайтара алды.
Шестаков "Барыс" қақпасын қорғау мүмкіндігіне Андрей Шутов пен Никита Бояркиннің жарақат алуына байланысты ие болды.
Ойыннан кейін Ғалым Мәмбеталиев ұлттық құрамаға ойыншыларды іріктеу туралы пікір білдірді.
“Біз ешкімді таңдамаймыз. Бұл менің құзыретімде емес. Ұлттық құраманы таңдайтын арнайы басшылық пен бапкерлер бар. Сондықтан бұл сұрақ маған емес”.
Ғалым Мәмбеталиев 2025 жылғы әлем чемпионатында ұлттық құраманы жаттықтыра ма, белгісіз.
Қазақстан құрамасын Азиада мен Азия чемпионатында Олег Болякин басқарды, ал әлем чемпионатына кім жетекшілік ететіні ресми түрде жарияланған жоқ.
2025 жылғы хоккейден әлем чемпионаты 9-25 мамыр аралығында Швеция мен Данияда өтеді.
Қазақстан құрамасы B тобына түсті және плей-оффқа шығу үшін келесі командалармен ойнайды: