Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Жамбыл облысында көкпар жанжалмен аяқталып, төртеуі сот алдында жауап берді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
15.04.2025, 16:00

Жамбыл облысында өткен көкпар ойыны жәй ғана спорттық жарыс емес, тәртіп бұзушылық пен сот ісіне ұласқан жағдайға айналды. Ойын кезінде дөрекілік танытқан төрт адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

liter.kz
Реклама
Реклама

Оқиға Наурыз мейрамы қарсаңында Жамбыл облысындағы Бауыржан Момышұлы ауылында болды. Ауыл тұрғындары ұлттық дәстүрді ұлықтап, көкпар ойынын ұйымдастырған.

Бірақ ойын барысы бейбіт сипаттан ауытқып, қатысушылардың арасында келіспеушілік пен дөрекі әрекеттерге ұласты. Кейбір шабандоздар қарсыластарын балағаттап, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Облыстық соттың хабарлауынша, төрт жергілікті тұрғынға қатысты “Ұсақ бұзақылық” бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, олар 78 мың теңгеден айыппұл төлеген. Айыпталушылар кінәсін толық мойындап, эмоционалдық толқу әсерінен өздерін дұрыс ұстай алмағандарын мәлімдеді.

Бұл жағдай көрермендердің ашуын туғызған. Ұлттық спортты дәріптейтін шараның тәртіпсіздікке ұласуы қоғамда талқылау тудырды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары