Қазақстан шахмат құрамасы жастар мен жасөспірімдер арасындағы рапид және блиц бойынша әлем чемпионатында жарқын жеңіске жетті. Ел қоржынына 6 алтын және 1 қола медаль түсті.
Қазақстандық шахмат жаңа жұлдызы – 8 жасар Әлиша Бисәлиева Грекияда өткен жарыста G8 (қыздар, 8 жасқа дейін) санатында қарсыластарын түгел жеңіп, әлем чемпионы атанды. Ол турнирдегі 11 партияның бәрінде де жеңіске жетті – бұл көрсеткіш абсолютті үстемдікті білдіреді.
18 жасқа дейінгі жас санаттарында өткен әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы бейресми командалық есепте бірінші орын алды. Шахмат федерациясы бұл нәтижені күтпеген жетістік деп бағалап отыр, себебі чемпион атанған алты ойыншының тек екеуі ғана рейтингте фаворит болған.
Қазақстан құрамасының жетістіктері (ЧМ-2025, рапид және блиц)
Алтын медаль иегерлері:
Қола медаль: