"Келесіде саған қолғап сыйлаймын" — Дмитрий Бивол Нұралы Әліпке уәде берді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
17.04.2025, 22:48

Бокстан бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Дмитрий Бивол Ресей Кубогының жартылай финалында "Зенит" клубы жеңіске жеткеннен кейін команданың киіну бөлмесіне арнайы келіп, ойыншыларды құттықтады.

fc-zenit.fu

Бивол жеңіс қуанышын "Зенит" ойыншыларымен бірге фотосессия жасап бөлісті. Сол сәтте Қазақстан ұлттық құрамасының және "Зенит" клубының қорғаушысы Нұралы Әліп атақты спортшыға жүгініп:

"Мен сенен қолғап күтемін", – деді.

Бивол жымиып:

"Келесі жолы міндетті түрде беремін", – деп жауап қатты.

Айта кетейік, 16 сәуір күні Санкт-Петербургте өткен Ресей Кубогының қарымта матчында "Зенит" "Ростовты" 2:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Нұралы Әліп негізгі құрамда алаңға шығып, толық 90 минут ойнады. Қорғаушының сенімді ойыны команда қорғанысын мықтап ұстауға сеп болды.