Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Велотрекшілер халықаралық турнирде 3 медаль жеңіп алды

Редактор Penalty.kz
22.04.2025, 05:54

Қытайдың Гонконг қаласында велотректен Hong Kong International Track CUP турнирі аяқталды. 

Спортты дамыту дирекциясы
Реклама
Реклама

Биылғы маусымда өткен ірі веложарысқа әлемнің 68 мемлекетінен 300-ден аса спортшы қатысып, бәсекенің деңгейі жоғары болды. Қазақстандық спортшылар бұл сында лайықты өнер көрсетіп, үш медаль еншіледі — екі күміс, бір қола.

Командалық "Мэдисон" сынында ел намысын қорғаған Рамис Дінмұхаметов пен Илья Карабутов жұбы жапондық қарсыластарына жол беріп, жарысты күміс медальмен аяқтады. Үшінші орынды Bridgestone Cycling командасы иеленді.

Жекелей форматта өткен топтан шығу сайысында Илья Карабутов тағы бір күміс медаль еншілесе, оның командаласы Рамис Дінмұхаметов қола жүлдеге қол созды. Бұл нәтиже ұлттық құрама үшін табысты кезеңнің көрінісі болды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары