"Жетісу" тарихи чемпиондар лигасын жарқын жеңіспен бастады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 20:18

Филиппиннің Пасиг қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы алғашқы Азия чемпиондар лигасында Талдықорғанның "Жетісу" командасы сенімді жеңіспен көзге түсті.

instagram/@vc_zhetysu

Бәсеке Азия волейбол конфедерациясы ұйымдастырған жаңа форматтағы алғашқы турнир. Екінші күнде жарыс жолына шыққан Қазақстан чемпионы алғашқы кездесуін Creamline Cool Smashers клубына қарсы өткізді. Айта кетейік, бұл командада қазақстандық волейболшы Анастасия Коломоец өнер көрсетеді.

“Жетісу” қарсыласқа еш мүмкіндік бермей, үш партияда жеңіске жетті:

3:0 (25:16, 25:17, 25:17)

Ертең Марко Гршичтің шәкірттері топтық кезеңдегі соңғы ойынын Иорданиялық Al Naser клубына қарсы өткізеді.

А тобының көшін бастау үшін “Жетісуға” бір ғана партияда жеңіске жету жеткілікті. Турнир регламентіне сай, әр топтан алғашқы екі орын алған командалар келесі кезеңге өтеді.

А тобының үздік екі командасы D тобының көшбасшылары (Таиланд пен Филиппин клубтары) қарсы ойнайды. Бұл екінші топтық кезеңде төрт команда өзара күш сынасып, екі үздік ұжым жартылай финалға жолдама алады.