Қазақстандық волейболшы, сұлулығымен жұртты тамсандырған Сәбина Алтынбекова Instagram парақшасында жариялаған жаңа фотоларымен тағы да назарға ілікті. Ол өзінің соңғы аптасын қалай өткізгенін жанкүйерлерімен бөлісті.
Жарияланған фотосуреттер топтамасынан көргеніміздей, 28 жастағы спортшы қыздың аптасы өте мазмұнды әрі белсенді өткен. Сәбина гүл шоқтарын алып, гитарада ойнап, спортпен айналысып, қарудан оқ атып, жаңа нәрселерді үйреніп, көз тартар фотосессия жасаған.
Фотолар астына қысқа ғана: "Өмірден ләззат алу" деп жазған Сәбина көп сөзбен емес, әрекетімен ой тастап отыр.
Әдемі кадрлар ел назарынан тыс қалмады. Желі қолданушылары Сәбинаға түрлі жылы лебіздерін арнады:
Айта кетейік, бір айдан астам уақыт бұрын Сәбина Алтынбекова өзінің ажырасқанын мәлім еткен. Осы жағдайдан кейін оның кейбір жанкүйерлері спортшы қызға бұрыннан бері оны ұнатып жүретін Қуат Найманға тұрмысқа шығуға кеңес берді:
"Сәбина, Қуат Найманға күйеуге шық!" – деген пікірлер жиі кездесті.
2025 жылдың 12 наурызында Сәбина әлеуметтік желі арқылы ажырасу себебіне қатысты ишара жасап, болашақ жұбайы туралы ойымен де бөлісті. Бірақ нақты егжей-тегжейлі ақпаратты бөліскен жоқ.