Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Жетісу" қарсыласын жермен жексен етті

Редактор Penalty.kz
22.04.2025, 12:30

Талдықорғандық волейболшы қыздар жеңісті жолын жалғастырып келеді. Филиппиннің Пасиг қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы Азия чемпиондар лигасында "Жетісу" командасы топтық кезеңнің екінші ойынын сенімді жеңіспен аяқтады.

instagram/@vc_zhetysu
Реклама
Реклама

Қазақстан чемпиондары бұл жолы Иорданияның “Әл-Наср” клубымен күш сынасты. Кездесу толық “Жетісудың” бақылауында өтті. Үш партия қорытындысы: 3:0 (25:10, 25:15, 25:11).

Бұл матчта волейболшылар ойынның барлық компонентінде басым түсіп, өз шеберлігін толық көрсетті. Әсіресе шабуылдағы өткірлік пен қорғаныстағы сенімділік ерекше көзге түсті.

Осы нәтижеден кейін “Жетісу” А тобының турнирлік кестесінде бірінші орынға жайғасты. Бұл оларға жарыстың келесі кезеңіне сенімді қадам жасауға мүмкіндік берді.

Турнир регламентіне сәйкес, топта алғашқы екі орынға ие болған командалар D тобының үздік екі ұжымымен (Таиланд және Филиппин клубтары) екінші топтық кезеңде кездеседі. Бұл кезеңнің қорытындысы бойынша екі үздік команда жартылай финалға жолдама алады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары