Қазақстанның үздік волейболшысы Сербия чемпионатының финалында сенсация жасады
26.04.2025, 07:08
Қазақстандық волейболшы Сана Анарқұлова өз командасымен бірге Сербия чемпионатының финалында күтпеген нәтиже көрсетті.
Instagram/@sanajarlagassova
Сербияның әйелдер арасындағы Суперлигасының финалдық плей-офф кезеңінің төртінші матчында "Уб" клубы өз алаңында "Железничарды" қабылдады. Қонақтар негізгі фаворит саналғанымен, матч толықтай "Уб" командасының пайдасына аяқталды — 3:0 (25:22, 25:16, 25:23).
Осылайша финалдық сериядағы есеп 2:2 болып теңесті.
Айта кетейік, Сана Анарқұлова — Қазақстанның сегіз дүркін чемпионы, 2021 жылғы Азия клубтық чемпионатының жеңімпазы және 2010 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері.
Финалдың бесінші және шешуші матчы 28 сәуірде "Железничардың" алаңында өтеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама