Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Жетісу" Азия чемпиондар лигасының финалына шықты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
26.04.2025, 16:07

Талдықорғанның "Жетісу" әйелдер волейбол клубы Азия чемпиондар лигасының финалына жолдама алды. 

instagram/@vc_zhetysu
Реклама
Реклама

Жартылай финалдық матчта қазақстандық ұжым Тайландтың "Натхонратчасима" клубымен күш сынасты. "Жетісу" волейболшылары қарсыластарын 3:0 есебімен айқын жеңді – сеттер нәтижесі: 25:20, 25:21, 25:21.

Осылайша талдықорғандықтар турнир барысында өткізген барлық төрт ойында да қарсыластарына бірде-бір сет бермей, сенімді ойын көрсетті.

Финалдық кездесу 27 сәуірге жоспарланған. "Жетісу" чемпиондық атақ үшін Вьетнамның "ВТВ Биньдьен Лонган" командасы мен Қытайдың "БАИК Мотор" клубы арасындағы жеңімпазбен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін "Жетісу" Азия чемпиондар лигасының финалында екі рет (2010, 2013) ойнаған болатын.Бірақ екі жағдайда да жеңіліс тапты.

Қазақстанның басқа клубтары бұл турнирде жеңіске жеткен:

  • Алматының "Рахат" командасы (2004, 2007);
  • Өскеменнің "Алтай" ұжымы (2021);
  • Петропавлдың "Қуаныш" клубы (2022).
Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары